Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Адамзаттың ең үлкен қателігі – өлмейміз деп ойлайтыны

Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның 1 қазан күні жол апатына ұшырағаны туралы жарыса жазған-ды. Алайда айтыскер ақын ол кезде үлкен жол апаты болмағанын, журналист мамандардың еш ізденбестен құрғақ ақпарат бере салатынын тілге тиек етті. Оқиғаның қалай болғанын баяндап, түйген ойымен бөлісті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Болған оқиғаны айтыскер ақын “Мәміле” бағдарламасында баяндады. “Қазір көптеген журналист ізденбейді. Бүкіл ақпаратты әлеуметтік желіден ала салады. Дайын асқа тық қасық демекші, қазір рейтингтің заманы ғой. Мұның барлығы рейтинг жинаймыз деген мақсатта болса керек” деп БАҚ өкілдерін сынап алды.

Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграмдағы парақшасында жол апатына түскенін жазудағы екі ғана мақсаты болған екен. “Біздің көлігіміз жолдан тайып кетті де, жолдың үстінен секіріп барып батпақтың үстіне түсті… Мен ол кезде өлеміз деп ойладым. Миыма кәлима айтуым керек деген ой ғана келді. Бірақ лә-иләһә деп ары қарай айта алмай қала бердім. Мен жол жүргенде болсын, намазда болсын, түнде өліп кетуім мүмкін деп жатар алдында болсын айтатын кәлимані сол сәтте ұмытып қалдым” деп айтыскер ақын мұны Жаратқанның өзіне берілген бір сынағына балады.

вакепи

Ары қарай “Адам өзінің маңдайына жазылған тағдырынан бір секунд кеш немесе бір секунд ерте өлмейді дейді. Адамзаттың ең үлкен қателігі – өлмейміз деп ойлайтыны. Жаспыз деп жас адам өлмейтіндей айтамыз. Менің түйгенім адам кез келген уақытта өлімге дайын жүруі тиіс” деді.

Сөз соңында Айнұр Тұрсынбаева балаларын аяусыз тастап кетіп жатқан аналарды көргенде, мұны қалыпты жағдай жеп санайтын халықты көргенде қатты қынжылатынын да жеткізді.

фывка

Жол апатына ұшыраған кезде жанында бауыры мен келіні, бауырының үш баласы болған.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Имашев пен Тұрсынбаеваның айтысты насихаттау үшін Африкаға кеткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау