Айлап жатып алатын туыстарынан мезі болған келіншек қазақстандықтарға өтініш білдірді
Астана тұрғыны үйіне айлап келіп жатып алатын туыстарынан мезі болғанын айтады. Сөзіне сенсек, тіпті, қонақтар пәтер ақысын төлеуге көмектеспейді екен. Осы орайда, ол қазақстандықтарға өтініш білдірді.
Сурет: psychologies.co.uk
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Менің айтайын дегенім қайын жұрт мәселесі. Өзімнің тұрмыс құрғаныма 5 жыл болды. Оңтүстікке ұзатылдым. Күйеуім өзімнен 11 жас үлкен. Бүгінде 3 жасар ұлымыз бар. Екіншісіне аяғым ауыр. Күйеуімнің жұмысына байланысты қазір Астана қаласында бір бөлмелі пәтерде тұрып жатырмыз. Айына пәтерақы 90 мың, қосымша коммуналдық төлем бар. Туыстарымыз келіп пәтерімізге жатып алады. Не пәтерақыны төлеуге көмектеспейді, не аз да болсын жәрдем бермейді. Киімдерін жумайтын, түскен ваннасын тазаламайтын ағайындарымыз келді.
Өзіміз тар бөлмеде тұрып жатқанымызға қарамастан, балаларымен келіп жатып алғандар да болды. Бәріне күйеуім үшін көндім. 3-4 айдан бері үйде жатып жұмыс істеп жүр. Одан қалса келіп-кететін қонағымыз таусылмайды. Бәрінде ұят жоқ! Осылар қалай күн көріп отыр екен демейді. Құдай үшін, ауылдағы ағайын, балаларыңызды оқытқыларыңыз келсе, жатақханаға жіберіңіздерші. Жұмыс істеуге жіберсеңіздер, пәтер ішінен арзан бөлме жалдауға болады. Өзіміз қыз болсақ та, сондай жерлерде тұрып жұмыс істедік.
Балаңызға сенбесеңіз, оны қалаға жібермеңіз. Ағайын арасындағы ренжісу осыдан басталады. Себебі, соның үйінде жатып асын ішіп алып жамандайтындарға айтарым: “Су ішкен құдығыңа түкірме”. Мына заманда біреу-біреудің үйіне сыймақ түгілі, тамақ жеуге барудың өзі ұят болып бара жатыр. Тағы да “Балаларыма дұрыс қарамайсың” деп айтатындарға “Бірінші балаңызды тәрбиелеңіз”. Қатты ашуым келді. Қазірдің өзінде кетіп қалғым келіп жүр. Күйеуімді аяп кетемін. Мені дұрыс түсініңіздер!” – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
16 жастағы келіншек күйеуіне ерегесіп көңілдес тауып алған
Көңілдес: Кінәсіз адамға қарғыс тие ме?
Күйеуіне 40 шақты ер адаммен опасыздық жасаған әйел бұл әдетінен арыла алмай жүр
Келіншек таңертеңмен жатын бөлмеге рұқсатсыз кіріп алатын енесінен қорқып жүр