Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын жаңа бейнебаянының құпияларымен бөлісті

Әнші Stan.kz  тілшісіне жаңа бейнебаянының сюжеті қандай болатындығы, әйелін не себепті түсіргендігі туралы айтып берді.

4xo63hpak9nu

Тұсаукесері ақпанның 10 күніне жоспарланған бейнебаян Ресей әншісі Сосо Павлиашвилимен бірігіп орындаған әнге түсірілген. Әншінің айтуынша, бейнебаян белгілі бір сюжетке құрылмаған. Жары би билеп, еркелесе, өзі оған арнап ән айтатын көрінеді.

Бұдан өзге, бастапқыда әйелін түсіруді жоспарламағанын айтты. Мұндай ой Сосоның ұсынысынан кейін ғана келген. Бұл туралы Айқын: “Сосо бейнебаянға өзінің жарын түсіретіндігін, ал менің таңдау еркім өзімде екенін айтты. Оның үстіне, халық арасында осы уақытқа дейін “Айқын неге әйелі мен баласын көрсетпейді, әлде әйелі айтарлықтар сұлу емес пе?” деген әңгімелер айтылып жүрді. Барлық сауалдың жауабын осы бейнебаян арқылы беруді жөн көрдім”.

Жаңа әнімді бір қара жігіт айтып жүр)

Видео опубликовано Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Түсірілім кезінде әйелінің ішінде төрт айлық балалары болған екен. “Каждый день” атты ән екі тілде айтылады. Бұл туралы әнші: “Өзің отбасын құрып үлгермеген сыңайлысың. Бірақ кейін отбасын құрған кезде сүйіктіңмен ренжісіп, түрлі қиындыққа тап боласың. Араларыңда мысықтар жүгіріп жүреді. Ал аталған бейнебаян қанша ренжіссек те, оларды әрдайым сүйетінімізді, тек жақсылық тілейтінімізді айғақтайды”, – деп бейнебаянның түсірілген мақсатымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Айқын Төлепберген өзінің жары кім екенін, қалай танысқандары туралы айтып берген болатын.

Талқылау