Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген тәртіп сақшыларын әжуалады

Айқын Төлепбергеннің жаңа образы желі қолданушыларына ұнап қалды. Көпшілік оған осы салаға ауысуға кеңес беріп жатты.

image

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айқын әлеуметтік желідегі парақшасына сақшылардың киімін киіп түскен суретін салды. Бұл кезекті телехикаяның түсірілімі болуы да ғажап емес. Десе де, ол тәртіп сақшыларын бір әжуалап алуды жөн көрді.

Суретінің тұсына “Біреу қызылға өтіп бара жатыр. Тоқтатайын. Түрі таныс, әнші ғой деймін…” деп жазған екен. Көпшілік оны жол ережесін бұзып, сақшыларға көп ұсталған деп болжады. Олар әншіге үстіндегі киімінің жарасып тұрғанын айтты.

“Иә, Айқын деген әнші ғой. Полицей мырза тоқтатып көріңіз. Мүмкін тиын-тебен беріп қалар”, “Айқын, саған күшті жарасады екен. Мүмкін саған осы салаға ауысу керек шығар. Анда-мында жүгірмейсің. Бір орында тұрып ысқырып-ақ ақша табасың”, “Жарасып тұр! Әнші болмасаң, полицей болатын адамсың ғой” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады

Айқынның хит әнінің сөзі Шахановтың өлеңінен ұрланған сияқты

Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын қойды

Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады

Талқылау