Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын мен Гүлназдың махаббат хикаясы тыңдармандарды жылатып жіберді (видео)

Айқын Төлепберген «Сені сағындым» атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаянының тұсауын кесті. Танымал әншінің жаңа туындысы тыңдармандарын жылатып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz.

айкын и гульназка

Оқиға желісі бойынша Қозысы Баянын тауып, оған өзінің жүрегін ұсынады. Екеуі шаңырақ көтеріп, бақытты ғұмыр кешеді. Күндердің күнінде жұпты тонамақ болған ұры жанжал кезінде Айқынның сүйіктісіне оқ атады. Ол тірі қалады, алайда жадынан айырылады.

Одан кейін бас кейіпкер (Айқын) сүйіктісіне өткен өмірін еске түсіруге көмектесу үшін барынша тырысып бағады.

Тыңдармандар актерлердің, әсіресе Гүлназ Жоланованың өз рөлін мінсіз сомдап шыққанын айтуда. Көпшілік актрисаның талантына қайран қалып, жоғары бағасын беруде.

“Қазақстанда алғаш рет жүрекке соншалықты әсер еткен клип”, “Актриса өз рөлін 100%-ға орындап шықты”, “Әйелі қызғанып қалған шығар”, “Айқын кез келген әнді хит қылып жібереді”, “Керемет, бастан-аяқ кино көргендей әсер алдым”, “Гүлназ өте мықты ойнады, сондай нәзік, ал бейнебаян жылулық сыйлайды”, – дейді тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысуда (фото, видео)

Мейрамбектің шашсыз келбетін көрген жұрт оны ақын Балғынбекпен шатастырып алды (фото)

Балғынбек Имашев: Күйеусіз өтсе де қызымды қытайға бермес едім (видео)

Қайрат Нұртас хит әніне түсірген бейнебаянымен қуантты (видео)

Талқылау