Айқын Төлепберген тойға шақырған кісіден 700 мың сұрап шошытты
Айқын келіншегінің өмірлік сырласына айналғанын айтып, оған ән арнады (фото, видео)
Айқын Төлепберген тұңғышы Аңсардың жүзін жасырамын деп желі қолданушыларының ашуына тиді. Мұнымен қатар, ол жұбайының нағыз сырлас досына айналғанын айтып, оған “Бір досың керек екен” атты әнін арнады.
Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өнерде жүргеніне 10 жыл болса да, отбасын осы күнге дейін көрсетпеген жұлдыздардың бірі – Айқын Төлепберген. Ол жұбайын бейнебаянға түсірсе де, отбасылық бағдарламаларға алып шығудан бас тартады. Ұлының суреттерін желіге салса да, жүзін жасырып қояды. Осы әрекеті жұрттың ашуын келтірді.
“Сенің балаңнан басқа жұмыс жоқ па екен. Әркімдікі өзіне”, “Бетін жауып қойғанша, мүлдем түсірмей-ақ қоймадың ба?”, “Осы актер, актрисалар балаларының беттерін жауып қояды. Мысалы, Айдана Меденова. Енді бұл тізімге Айқын Төлепберген қосылды. Мен негізі Айқынды үйленбеген екен деп жүрсем”, “Осыларда ғана бар бар сияқты”, “Тыңдармандардан жасырудың не керегі бар?”, “Біреу жеп қоятындай сонша тыққаны несі?!” дейді олар.
Әншіге жұрттың бұл қызығушылығы ұнап қалса керек, бүгін тағы желіге баласының суретін салып, жүзін жасырып қойды. Айқын әдетте бұл қылығын өзінің қызғанышымен, оларға деген махаббатымен байланыстырады. Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде ол жолдасына тағы да бір ән арнаған болатын.
“Студенттік шақта сүйіктім “Айқын, екеуіміздің сөйлесуіміз керек” деді. Жүрегім лүпілдеп кетті. Себебі, қыздар айырылысқысы келген кезде осылай айтатын еді. Ол қарсы алдымда тұрып “Айқын, екеуіміз біраз алыстай тұрайық. Мен саған бола сабақ оқи алмай кеттім. Ал әке-шешем мен бауырларым маған үміт артып отыр” деген болатын. Әлгі жерде өзі ұнататын әндердің бірін айтып, соңынан жүгірдім.
Кейін қатты қысып құшақтап адым. Әр кез кеткісі келген сайын осылай жасайтын едім. (Күлді.) Екеуіміз 10 жылға жуық уақыт жігіт пен қыз болып жүрдік. Осы уақыт ішінде ол менің нағыз сырлас досыма айналды. Сол себепті Әселге “Бір досың керек екен” атты жаңа әнімді арнағым келіп отыр”, – дейді Айқын Төлепберген.
Қос ғашық бүгінде Аңсар есімді бір ұл мен Асылым есімді бір қыз тәрбиелеп отыр. Әнші ата-анасының кенжесі болса да, қазіргі таңда олардан бөлек тұрып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады
Айқынның хит әнінің сөзі Шахановтың өлеңінен ұрланған сияқты
Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын қойды
Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады