Айқын “Димашты Қытайға бармай тұрып қолдамадыңдар” деп сынаушыларға жауап берді
Димашты дер кезінде бағалап, оған қолдау көрсетпедіңдер! Бұл тыңдарман қауымның әртіс атаулыға айтқан назы. Жұртшылықтың пікірінше, мәдениет саласының басшылары мен өнер майданында жүрген әншілер қауымы Димашты Қытайға барып келгеннен кейін ғана мойындай бастаған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл ретте әнші Айқын Төлепберген өнердегі барша әріптестерінің атынан сынаушыларға жауап берді.
“Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар” – деген әңгімеге айтарым… Димашты өзім 2014 жылдан бері танимын. Инста-парақшамды сенбесеңіздер, қарап шығыңыздар. Және әрқашан да қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай.
Әсіресе, қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрлігі. “Славян базарын” ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға, мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза. Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз. Сондықтан “Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады” – деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай және т.б. талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін сіздер аман болыңыздар, құрметті көрермен қауым!» – деп жазды Айқын Instagram-дағы парақшасында.
Желі оқырмандарының біраз бөлігі Айқынның пікіріне қосылды. Кей тыңдармандар Димашпен Ninety one тобын қатар атағаны үшін Айқынға ұрсып тастады. Ал үшіншілер “Димашты дер кезінде әртістер емес, халық бағаламады” деген пікірлерін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды
Фонограмма, ұрлық, жасандылық: Әли Оқапов бүгінгі эстраданың кемшіліктерін атады
Сәкен Майғазиев нанға зар болған күндері туралы айтты
Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын