Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Балама тәрбие беріп жатырмын дей алмаймын

Ел «тоқал алды» деп шуласқан Айқын Төлепберген алғаш рет желідегі парақшасына балаларының суретін жүктеді. Өз жазбасында ол балаларының киімді өздері таңдайтынын, ал өзі олардың таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді.

18299232_121049108462317_8949860642475474944_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айқын жеке өмірін құпияда ұстайды. Ол ұзақ уақыт бойы заңды жұбайын да, балаларын да ешкімге көрсеткен емес. Тек өткен жылы әйелін клипке түсіріп, елге таныстырды. Алайда сол бейнебаяннан кейін ел Төлепбергеннің шаңырағы шайқалды деп шуласты.

айкыннын балалары

Жуырда Айқын 7-арнаның «Гу-гу-гәп» бағдарламасына сұхбат беріп, бала тәрбиесіне тоқталды. Ол үйде жиі болмайтындықтан, ұлдарының тәрбиесіне араласа алмай жүргенін мойындады.

«Бала тәрбиесінде баламды тәрбиелеп жатырмын деп айта алмаймын. Біздің жұмыс әрі-бері болғандықтан, баламды көп көре бермеймін, бірақ көрген жағдайда балаға көп көңіл бөлуге тырысамын. Баланың тәрбиесінде, ең бастысы, баламен бала ұқсап сөйлесу керек, бірге ойнау керек. Не туралы айтып жатқанын сұрау керек. «Қалайсың, балам? Не істедің бүгін? Қайда бардың? Не істегің келеді?» – дегендей.

Баламызды каратэ, неше түрлі үйірмелерге беріп тұрамыз. Қазір спортпен айналыссын, өсе келе оқуына да үлкен мән береміз», – деп ағынан жарылды Айқын.

Айқын өмірде өз әкесін ғана үлгі тұтатынын айтты.

«Әке деген баласына барлығын беріп, оны шарықтату керек. Кейбір әкелер баласына «ей, сен бүйтпе, сүйтпе» деп ұстайды, ананы-мынаны істеткізбейді. Ақырында әкесі 60-қа келгенде баласы қасындағы көмекшісі сияқты жүреді.

Бала деген шарықтау керек. Оған көмектесіп, дем беру қажет. Әрі қарай өзі алып кетеді. Ол әкесіне тәуелді болмауы керек. Ұл деген мәпелеп өсіретін қыз емес. Ұлды ұстау қажет. Болашақта үлкен азамат болса екен деген тәрбие беру керек деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін Айқын.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова Қарақаттың қызын көрсетті (фото, видео)

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)

Сейфуллин Жолбарыстың жары өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді

Талқылау