Айқын Төлепберген Жұлдызды қызғанып жүргенін айтты
Әнші Айқын Төлепберген соңғы уақытта киноға түсіп, актриса атанып жүрген келіншегі Жұлдызды телехикаяда бірге ойнайтын ер-азаматтардан қызғанатынын жасырмайды.

Бұл туралы әнші 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
«Телехикаяда ойнады. Кішкене қызғандым», - дейді Айқын.
Әнші болу ерекше дайындықты талап етеді деген Айқын Төлепберген жұбайының әзірге актриса болғанын құп көреді.
«Әзірге гастрольден қолы босамайтын әнші емеспін. Алайда ақырындап жарты жылда бір әннен болсын жазып қойып жатырмын», - дейді Жұлдыз.
«Уақыты болған жоқ. Бала-шағамен айналысады. Сахнаға шығудың талабы басқа ғой, оған бөлек дайындалуы керек. Әзірге актриса бола тұрсын. Одан кейін көрерміз», - дейді Төлепберген.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық