Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қызды өлтіріп, мәйітін қорлаған жігітке қатысты үкім шықты

шымкент мәйітті қорлаған

Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі адамға қатысты істі қарады. Біреуі кісі өлтірді, екіншісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам 12 наурызда жанжал кезінде өзінің танысын өлтіріп, кейін мәйітін қорлаған. Содан кейін кәмелетке толмаған танысынан мәйітті жасыруды сұраған. Екі айыпталушы жәбірленушінің денесін басқа жерге алып кеткен.

19 жастағы жігіт кінәсін ішінара мойындады. Ал кәмелетке толмаған бала кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ оның 3-топтағы мүгедек екені анықталды.

“Жігіт Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлігі "Қайтыс болған адамның денесін қорлау" бойынша 22 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді сот.

Кәмелетке толмаған азамат қылмысты жасырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық актісін ескере отырып, жазасы бір жыл төрт айға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылғы 23 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды. Осы заң аясында Қазақстанда 15 мыңнан астам сотталушылар Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінбек. Олардың шамамен 2000-ы бостандыққа шығады, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 22:00
Талқылау
`