Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айыппұл немесе қызметтен босату қарастырылған: Шенеуніктердің кірістері мен шығыстар арасындағы айырмашылық тексеріледі

2027 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің декларациялардағы кірістері мен шығыстарындағы алшақтық тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нормалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Парламент қабылдаған түзетулерге енді.

Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту көзделген.

"Біріншісі – фискалдық. Кірістер мен шығыстар арасындағы алшақтық сомасының 90 %-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Кіріс пен шығыс арасы 1000 АЕК-тен, яғни үш миллион теңгеден аспауы тиіс.

Егер мемлекеттік қызметкердің жылдық табысы бес миллион теңге болса, ал ол мүлікті тоғыз миллион теңгеге сатып алса, онда ол 1000 АЕК, яғни үш миллион теңгеден асып кетті деген сөз. Осындай жағдайда айыппұл салынады", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Мұндай жағдай қайталанса, ол қызметінен айырылады. 

“Шенеунік шығыстардың заңдылығын негіздеуге құқылы. Бұл салық кодексінде қарастырылған", – деді Сарқұлов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарының айтуынша, нормаларды қолданысқа енгізу мерзімі 2027 жылға белгіленген. 

Талқылау