Айгүл Иманбаева: Бір аунап тұрдым, екі жыл бойы ауыр дертпен күрестім
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева соңғы екі- екі жарым жыл бойы қатты ауырғанын айтты. Осынша уақыт бойы ем қабылдап, денсаулығына көңіл бөлген өнер иесі қазір алға нақты жоспарлар құрып, іште жатқан ойларын жүзеге асыруға кірісіп те кеткен.
«Шыны керек мен 2-2,5 жыл қатты ауырдым, жасыратыны жоқ. Сыр берді. Бауыр деген жарықтық біраз мазалады.
Екі ай шамасында ауруханада жаттым. Көп нәрсе болмайтын болды. Өмір бойы жаттығу залында жүрген адам, 1-2 жыл спортты да қойып кеттім. Енді қайтадан қолға алып жатырмын. Шынымен бір аунап тұрдым, жасыратыны жоқ.
Кәдімгі баламның да мазасы кетті қорқып. Анам да алаңдап, біраз қорқыттым. Енді бір сынақ келген шығар денсаулық жағынан. Қазір шүкір жақсымын.
Өзімді-өзім қолға алатын уақыт келді. Анам да 70 жасқа келіп қалды. Анам үшін, балам үшін, өзі басым үшін жауапкершілікті қолға алатын кез келді. Атқа қондым. Көп дүниені қолға алу керек.»,-деді әнші Айгүл Иманбаева.
Елді өнерімен өзіне қаратқан Айгүл жақында тұрмысқа шығуды жоспарлап жатқанын да жасырмады.
«Мен осыған дейін «міне тұрмысқа шыққалы жатырмын» деп талай айттым. Ол дегеніңіз жақсылықты қалау. Ниетім бар. Әр адамның құдайдан үміті бар ғой. Неге әйел бақытын сезініп, сүйіктімнің сүйкімді жары болып жүрмеске. Достарымның алдында қалжыңдап әйтеуір бір сенбіде тойым болады деп айтып жүремін. Жақсы сөз жарым ырыс.
Бірақ маған өзіме лайық нар жігіт керек. Арзан әңгімеден биік, өрелі, деңгейі жоғары,әйел сыйлауды білетін, сыртта сүйкімді, отбасында өзгере кететін ер азаматтар ұнамайды. Өзімді мінезді, ірі сөзді адамға лайықтымын деп түсінемін.
Егер менің таңдаған адамым осындай талабыма сай болып тұрса, мен де қарапайым келін Айгүлге айналамын. Жұлдыздығым тек саханада, өнерде қалады.
Қыздарға айтарым, өздеріңізді сыйлаңыздар. Мінезді, нағыз ер адамды таппайынша, тұрмысқа шықпаңыздар. Қаламай, сүймей келін болу өзіңді-өзің қорлау деген сөз.
Оданда жалғыз жүрген жақсы. Енді мен тұрмысқа шығамын. Бірақ, дүркіретіп той жасамаймын.»,- деді Айгүл Иманбаева.
“Мен екінші әйел яғни тоқал дегенге қарсымын. Содан кейін оның әйелінен тығылып-тықпыштанып жүруге о бастан қарсымын. Жасы үлкен ер адамның етегінен ұстауға да қарсымын. Біреудің отбасын құртуға бұрыннан айтамын ондайды жаным қаламайды. Осы бір жылдан қалмай тұрмысқа шығамын ау деп ойлаймын”,-дейді Айгүл Иманбаева.
Әнші дүркіретіп той жасамауының себебін де түсіндіріп кетті.
“Балам Асылжанның өзі үйленетін жасқа жетіп қалды. Ұлым екеуіміз сырласпыз. Ол әжесін мамасы ретінде қабылдайды. Мысалы, өткен 8 наурыз мерекесінде сол кісінің суретін салып, әйелдер қауімін мерекемен құттықтап отыр.
Мен ұлыма ешкімге айтпаған сырларымды айтып, ішімді босатамын. Ол да маған өткен жолы звондап, “сөйлесуге уақытың бар ма?” деп сұрады.
Мен бірден түсінем. Қызымен ұрысып қалыпты. Ақыл сұрады. Сондықтан жақсы ене болуға да дайындалып жүрмін”,-дейді Айгүл Иманбаева.
Оқи отырыңыз:
Almaty Towers-тегі өрт: Айыпталушылар соңғы сөздерін айтты
Жар таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес
АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде
Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты
Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды