Ресей судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілерді Қазақстанға бермейді – Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Айгүл Сайлыбаеваны өлтіруге күдіктілер неге Қазақстанға экстрадицияланбай жүргенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қойшыбаев Ішкі істер министрлігінде азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.
"Ресей Федерациясына осы тұлғалардың азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Білгеніңіздей, Ресей Федерациясы да, біз сияқты, өз азаматтарын бермейді. Донцоваға қатысты азаматтық анықтамасы алынған соң, қылмыстық іс Ресей тарапына жіберіледі. Сонда олар әрі қарай тергеп, күдіктілер жазасын алады. Сонымен қатар, мен бірнеше күн бұрын тергеу комитетінің төрағасы, Бастрыкиннің осы істі өз бақылауына алғаны туралы естідім", – деді Ғалымжан Қойшыбаев.
Бас прокурордың орынбасары күдіктілерге қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтпады. Дегенмен, тергеу нәтижелерді жақын арада болады.
"Біз ресми құжат аламыз. Кейін біздің тараптан дереу шаралар қабылданады. Олар іздеуде жарияланған. Қайда барса да, олар іздеуде болады", – деді Қойшыбаев күдіктілер басқа жерге қашып кете ала ма деген сұраққа беріп.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.
2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады.
Алтынбек Сәрсенбаевтың көз жұмғанына 20 жыл: Оппозиционердің өлімі туралы не белгілі