Айгүл Иманбаева Майғазиевтің жұрттан жасырған құпиясын жайып салды
Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевтің осы күнге дейін ешкім білмеген қыры туралы айтып берді.
Фото: instagram.com/aigul_imanbaeva/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бүгінде консерваторияда сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеп жүрген Сәкен Майғазиев бір кездері Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген екен. Көп адам біле бермейтін бұл құпияны Айгүл Иманбаева ашты.
“Сәкен Майғазиев біздің театрда актер болып жұмыс істеген болатын. Қыз Жібек қойылымында Төлегеннің інісі Сансызбайдың рөлін сомдайтын. Ал мен Қыз Жібекті ойнайтынмын. Бірақ Төлегеннің барлық ариясын сахна сыртында тұрып Сәкен айтатын. Одан бері көп жыл да өтіп кетіпті”, – дейді Айгүл Иманбаева.
Мұны естіген әншінің тыңдармандары қатты таң қалды. Себебі, олар әншінің инстаграм желісіндегі парақшасын жіті бақылап отырса да, бұл қыры туралы білмеген-ді.
Желі қолданушылары “Мәссаған, Сәкен ағаның театрда ойнағанын білмеген екенмін”, “Өзі қандай арық болған”, “Сәкен сөзсіз талант иесі”, “Сәкеннің театрда жұмыс істегенін білмеппін. Нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жігіт екен. Архивіңе рахмет, Айгүл!”, “Дулыға Ақмолдаевқа ұқсап қалыпты” сынды пікірлер білдірген.
Мұнымен қатар, өнер иелерінің ойына келгендерін жасайтынын айтып қатаң сынағандар да болды.
Оқи отырыңыз:
Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым
Айгүл Иманбаева болашақта жалғыз қалудан қорқатынын айтты
Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)