Әйелін тамағынан осып өлтірген күйеуі сотта ақталып шықты
43 жастағы Роберт Родстың ара қатынасы туралы білген соң ерлі зайыптылар арасында дау туды.
Суррей графтығының тұрғыны, бұрынғы әйелін өлтірген 43 жастағы Роберт сотта ақталып шықты. Күйеуінің айтуынша, ол өзін қорғау мақсатында әйелінің тамағын кесіп жіберген. Салмағы 90 келі болатын әйел күйеуіне тап беріп, ұрмақ болған.
Олар бірге 21 жыл тұрды. Бірде Роберт әйелінің жұмысындағы әріптесімен кездесетінін біліп қалады. Ол телефонынан отбасылы ер адамның хаттарын оқып қалған. Осыдан соң үйінен кетіп қалып, екі күннен соң ғаламтор арқылы бойжеткенмен танысып кездесе бастайды.
Сол күні әйелі Доун Родс күйеуінің жаңа қатынасы жайлы естіген соң пышақ алып оған тап береді. Күйеуінің айтуынша, ол әйелінен сытылып шығып, қаруын ала бергенде кездейсоқ оның тамағын осып жіберген.
Осыдан соң бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Дәрігерлер келгенде әйел өлі күйінде болған. Күйеуінің қолында да үлкен жарақат болыпты. Сот шешімі шығар алдында 36 сағат жиналыс болып, ақырында Робертті ақтауға үкім шығарды.
Тағы да оқыңыз:
Жезөкше полицейлерге қызмет көрсеткені үшін 1 млн доллар өтемақы алады
Зейнеткер бұрынғы әйеліне бермеу үшін үйін өртеп жіберді
Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)