Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін өртемек болды деп айыпталған ер адам сотта ақталып шықты

Ақерке Байғазиеваның ісі қосымша сараптамаға жіберілді. Байғазиева бұрынғы күйеуінің кінәлі екенін дәлелдегісі келеді. Оның айтуынша, күйеуі оған бензин құйып өртемек болған.

Безымянный

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда, қылмыстық құрамның жоқтығынан іс тоқтатылды. Сот шешімі бойынша, оның екі баласы әкесінің тәрбиесіне берілді.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында Алматы тұрғыны Ақерке Байғазиева мен күйеуі арасында жанжал болып, күйеуі әйелін бензин құйып өртемек болды делінген. Кейіннен күйеуі түсініксіз себептермен үш баланың екеуін сот арқылы өз тәрбиесіне алды. Әйелімен тек 3 жастағы баласы ғана қалған.

“Бұл менің өмірім. Олар менің балаларым. Не себепті мені оларға жолатпайды? Неліктен менің өз балаларымды тәрбиелеуге құқым жоқ. Жұмыс істемін, басымда баспанам бар. Мен де оларды оқытып, тәрбиебере аламын. Мен оларды анасымын”, – деп ашынады әйел.

Ашынған ана прокуратура арқылы шағымданып, іс қайта қосымша сараптамаға жіберілді.

“Мен оның БАҚ-та жариялап жатқан шағымына қатысты ешнәрсе айтқым келмейді. Ол сұхбат берген сайын балаларына психологиялық тұрғыда соққы беріп жатқанын түсінбей ме? Сот айғақтар бойынша қажетті шешімді қабылдады”, – дейді Ақеркенің бұрынғы күйеуі Мақсат Құрман.

Бұғандейін күйеуінің әйелін бензин құйып өртемек болғанын хабарлаған едік.

Талқылау