Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен отасқанына 20 жыл толған Майғазиев өзі үшін қымбат суреттерін көрсетті

Сәкен Майғазиев биыл әйелімен отасқандарына 20 жыл толғандарын айтып, қуанышын бөлісті.

19534011_1959830660967489_7612450071799398400_n

Суреттер: Сәкен Майғазиевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұлдыз болмаса да, жұрт Динара Майғазиеваны байсалды мінезімен ерекшеленетін үлгілі жар әрі аяулы ана ретінде жақсы таниды. Жас қыздар әншінің жұбайын үлгі тұтады. Ал өнердегі жас жігіттердің біразы Майғазиевтің келіншегіндей әйел табуды армандайтынын айтып жүр.

Майғазиевтің өзі болса жұбайын елге көрсетіп, оны еркелетіп, мадақтап қоюды ұмыт қалдырған емес. Әнші әлеуметтік желі арқылы қуанышты жаңалығын бөлісіп жатыр. Бүгінде үш бала тәрбиелеп отырған жұптың отасқандарына 20 жыл толған екен. Осыған орай әнші өзінің де, тыңдармандарының да отбасына бақыт тіледі.

“Мейірімділердің мейірімдісі Алла тағаланың қалауымен, Құдай қосқан қосағыммен шаңырақ көтеріп, некемізді қиып, өмірдің ащы-тұщысын, қиындық-қуанышын, ақ-қарасын бір көріп келе жатқанымызға, міне, бүгін, 27-шілде тұп-тура 20 жыл болыпты. Ұрпаққа үлгі бола білген, шариғаттың шеңберінен шықпаған қаншама саңлақтарымыздың салған сара жолымен, тектілердің тура жолымен жүре білген жарасымды жұптардың ақ жолын бізге де, сіздерге де, келер ұрпаққа да нәсіп еткей. Бізге не тілесеңіздер Алла тағала сіздерге сол тілектеріңізді еселеп бергей. Құшақтадым! Алла – ұлық!” – дейді Сәкен Майғазиев.

20398347_1879309748987644_6536444641120616448_n

Әншінің қуанышын бөлісуге желі қолданушылары да асықты. “Бақытты болыңыздар! Жұптарыңыз жазылмасын!”, “Алла сіздерге тек бақытты күндерді нәсіп етсін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз аман болсын”, “Бақытты болыңыз! Алла разы болсын сіздерге! Сізге ұқсайтын қазақтың кішіпейіл ер-азаматтары көп болсын! Сізге сондай ризамын. Құдай қосқан қосағыңызбен бірге қартайып, ұл-қыздарыңыздың қызықтарын көріңіздер”, “Бақыттарыңыз баянды болсын” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар отбасын құрмақ (фото)

Ақбота Сейтмағамбет енесінің екі келінге бірдей қарайтынын айтты

Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)

Сейфуллин Жолбарыс 90-ға келген анасына дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау