"Әйелім сіздерге бере салу үшін туған жоқ": 4 баласымен жалғыз қалған әке балаңды бер дегендерге (видео)
Келіншегін жуырда жер қойнына тапсырған Жамбыл Дауытов 4 баласынан айырылып қаламын ба деп қорыққанын жасырмады. Себебі, марқұм әйелімен арада төрт баласы болса да, заңды некеге тұрмаған екен. Ер адам өз кезегінде қандай жағдай болса да, балаларынан айырылмайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Айналайын халқым, марқұм әйелім төрт баламды сіздерге беру үшін туған жоқ. Мен осы төрт баланы жеткіземін. Бірақ сіздерге там беріп жатқандарыңызға рахмет. Бұл балаларымның табанына кірген тікен менің көзіме кірсін. Бұл төрт баламнан ешқашан ажырамаймын», - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл Дауытовтың әйелі төртінші баласын 25 мамыр күні кесір тілігімен босанған. Дәрігерлер 6 мамыр күні өзі жұмыста жүрген кезде қоңырау соғып, жылдам келуін сұраған.
Дәрігерлер марқұм әйелдің өмірі үшін жарты сағаттай күрескен. Алайда бұл әрекеттері еш нәтиже бермеді. Енді төрт перзентіне қарау үшін отағасы жұмыстан шығуы керек болады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады