Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Секспен айналысқан көршілері әйелдің мазасын кетірді, кейін ол күйеуінің опасыздық жасағанын білді

24 жастағы Дэниель Девис екіқабат кезінде көршісінің үйінен жыныстық қатынастың дауысын жиі еститін. Алайда ол алғашқыда секспен айналысып жатқан жұптың өзінің күйеуі мен құрбысы екенін білмеген.

nintchdbpict000296465627

Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Лондонның батыс аймағында тұратын ол күйеужігіті Шейн Морриске сенімсіздікпен қараған.

Дэниель шаштараз болып жұмыс істеп жүрген кезде Шейн уақытын бос өткізетін. Теледидар көретін немесе достарымен қыдыратын. Сол шақтың өзінде-ақ құрбылары Шейннің Дэниельге лайық емес екенін сезген еді.

nintchdbpict000296465628

Десе де жүктіліктің алғашқы алты айы жағымды өткен. Араларында еш кикілжің болмаған. Бар сұмдық Дэниель мен күйеужігіті жаңа пәтерге көшіп келгеннен кейін басталған.

Сүйіктісінен күдіктене бастаған әйел оның телефонын тексергісі келген. Алайда мұндай сәтте Шейн оны ақылға қонымсыз нәрсе айтып тұрғанын алға тартып, кінәні Дэниельдің өзіне жапқан.

Ең қызығы да сол, Шейнмен төсектес болған көрші қыздың өзі жігіттің Дэниельге лайық емес екенін ескерткен.

«Ол темекі сұрайтын кезде соған кететін, сосын жарты сағаттап үйге келмейтін. Алайда ол үнемі сондай болатын. Дүкенге кетсе де бір сағаттан соң оралуы мүмкін және әркез бір сылтау табатын. Сондықтан болар оған сенгім де келді. Дегенмен бірдеңені сезгендей едім», – дейді Дэниель.

Дэниель бұған дейін де бала көтерген. Ол уақытта Шейн қатты қуанып, елдің бәріне жақында әке атанатынын айта берген.

«Баламызды жерледік. Бұл жағдай Шейнге де кері әсер етті. Мұндайды күтпедік. Үйімізді де балаға арналған заттармен толтырып қойған едік. Жоғарғы қабатта тұратын көршім ол кезде маған қолдау көрсетіп, қайғыма ортақ екенін айтқан еді. Сол кезде онымен жақсы дос болып кетеміз деген ой келді», – деп бөлісті Дэниель.

Бұл жағдайдан кейін Дэниель тағы да бала көтеруге тырысқан. Алайда Шейннің көңіл қошы болмаса керек-ті. Кейде түн ортасында оянған кезде Дэниель сүйіктісін таба алмаған. Ақырында Дэниель екінші рет жүкті болады. Алайда күндердің күнінде шындықтың беті ашылып, Деклан есімді досы оған бар шындықты айтып береді. Бір қызығы, Шейн де әйелін алдап жүргенін жоққа шығармайды.

Жүрегі жараланған әйел бірден анасының үйіне көшіп кетеді. Арада екі күн өткен соң оның ойына бір идея келеді. Дэниель Шейннің телефонының құпия сөзін білетін. Бір сәтте ол осы құпия сөзді Шейннің Facebook-тегі парақшасына енгізіп көреді.

«Оның хабарламаларын тауып алдым. Сөйтсем ол маған 2 емес, 10 шақты әйелмен опасыздық жасаған екен. Ең сорақысы, олардың біреуі біздің жоғарғы қабатта тұратын көршіміз. Өз көзіме өзім сенбедім. Ол көршінің үйіне темекі үшін емес, құмарын қандыру үшін барады екен. Ал ол әйел үнемі менің досымның рөлін ойнап жүрді. Дыбыстарды естігенде, ол өз жігітімен төсектес болып шатқан шығар деп ойлаушы едім. Қатты ашуландым, ол менің баламнан айырылып қалғанымды біле тұра Шейнмен бірге болды», – дейді ашынған Дэниель.

Шейннен кек алуды көздеген Дэниель оның кейбір хабарламаларын суретке түсіріп алып, желедіге парақшасына салып қойған. Тіпті, достары мен туыстары көрсін деген ниетпен оларды белгілеген.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін Шейн хабарласқан. Себебі оның телефонына түрлі қоңыраулар мен хабарламалар келіп түскен. Дэниель ештеңеге қарамастан ақпаратты жоққа шығардым деп отыр.

«Маған опасыздық жасағанына қарамастан ол менің қыр соңымнан қалмады. Ақыр соңында менің маңыма жолауға болмайтындай соттың қағазын алдым», – дейді Дэниель.

Дэниель дүниеге қыз бала алып келді. Бүгінде ол анасымен және қызымен бірге Лондонда тұрады. Махаббаттан көңілі қалған әйел жақын арада ешкіммен көңіл қосқысы келмейтін көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты

Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді

Карина Абдуллина марқұм Болат Сыздықовқа ән арнады (видео)

Талқылау