Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдің төстартқышы мен іш киімін киген": Алматыда ер адам 7-сынып оқушының соңынан аңдыған (видео)

Алматыдағы Ақсай шағынауданында көйлек киген ер адам 7-сынып оқушысының соңынан аңдыған. Желідегі ақпаратқа сәйкес ер адам қыздың желкесінен үрлеп, қолын денесіне тигізген. Алайда полицейлер оның жауапқа тартылмайтынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аңдыған

Оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-парақшасында мәлімдеді. 

"Қыздың көзі мөлдіреп тұрғанын көріп сатушы жігіт артынан ерген ұры екен деп араша түседі. Улап-шулаған жұрт полиция шақырып, “қызықтың” көкесі сол жерде жалғасқан. Жігіттің қара сөмкесі өңкей нәресте киіміне толы, өзі жейдесін шешсе әйелдің төстартқышы мен іш киімін киіп алыпты", – деп жазды журналист. 

Оның сөзінше, Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жауапқа тартылмайтынын айтқан.

Бұл туралы пікір білдірген қалалық полиция департаментінің өкілдері оқиғаның 26 қыркүйекте болғанын мәлімдеді. Ер адам өзін бей-берекет ұстап, сұрақтарға жауап бермеген. 

"1994 жылы туған Н. есімді азаматтың анасы анықталды ол ұлының бала кезінен психо-мінез-құлық бұзылыстарымен ауыратынын және психикалық ауру екенін түсіндірді. Аталмыш дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ-да іс қозғалды.  Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша Н.есімді азаматтың есі дұрыс немесе дұрыс еместігі және оның әрекеттеріне квалификация берілетін болады. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген хабарламада. 

Талқылау