Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің ұятты жерін ұстап, емдейтін тәуіпке іздеу салынды

Қара сиқыр нарығында болашақты болжап-білудің жаңа түрі пайда болды. Таро картасы мен құмалақты жолда қалдырған бұл не әдіс дейсіз бе? Артем есімді «тәуіп» әйелдердің әуретті жерін ұстап, ауруынан айықтырады екен.

08abf12f9ef78ad4e8155a7b9a62ec21

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

Бірнеше жыл бұрын дәл осындай тәсілмен әйелдерді емдеген Новосібірлік Дионисийге кезекте тұратындар саны көп болатын. Алайда күйеулері сөйлескен соң, ол қызметін сап тыйыпты. Есесіне оның ізін жалғаған жаңа емші табылды.

59c18e2d8f971e940223140bed097ab3

Бұл ретте журналистер бірнеше астаналық көріпкелге хабарласып, ем-домның жаңа түрі туралы сұрап білді. Олардың айтуынша, бұл әдісті көне Вавилонда ғибадатхана абыздары қолданған. Алайда олардың білген-түйгені бағзы заманда қалып кеткен. Ал оны қазір қолданатындар не алаяқтар, не құмарын қандыра алмай жүргендер. Тағы бір көріпкел бұл техникадан хабардар екенін, алайда оны үйрену үшін Бутанда орналасқан арнайы ғибадатханадан сабақ алу керектігін алға тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Оғыз Доғанның әуедегі әрекетін “арзан ойынға” балаған танымал блогер көптің ашуына тиді

ЭКСПО көрмесі қарашаға дейін жалғаса ма?

Шымкенттік қыз айына ақша салуды талап ететін ауылдағы ата-анасына ренжіді

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

Талқылау