Әйел түсік тастау дәрілерін қабылдаса да, баланы аман-сау босанып алған
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында әйел түсік тастау үшін инъекция жасаса да, босанған. Ол алты айдан кейін әжетханада босанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jam Press сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:Jam Press
Лиан Хеншоудың айтуынша, мұның бәрі 2024 жылдың қазанында болған. Ол кезде күйеуі Пол және үш қызымен Африкадан жаңа ғана оралған. Әйел іші ауырып жатқанына етеккір ауруы деп ойлаған, содан сағат төрттер шамасында оянған. Ол не болып жатқанын сезбей, дәретханаға барса, баланың басы шығып тұрғанын байқайды. 43 жастағы Хеншоудың кенеттен толғағы басталған.
Әйел күйеуі жеткенше, ұл туып қойған.
Хеншоу соңғы қызы туғаннан кейін балалы болуды жоспарламағанын түсіндірді. Ол контрацепцияларды үнемі қабылдап жүргендіктен, жүктімін деп ойламаған. Іші де тіпті байқалмапты. Ол жүктілік кезінде ішімдік ішіп, темекі шексе де, бала толығымен сау болып туған.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті