Әйел селфи жасаймын деп жартастан құлап мерт болды
Бельгия тұрғыны жартастың қырында селфи жасап, 30 метрлік биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, қайғылы оқиға Люксембургте болған. Ерлі-зайыптылар әдемі кадр жасау мақсатында сапарға шыққан.
Жұбайы Джерридің айтуынша, әйелі Зои жартастың шетінде қолында телефон ұстап тұрған. Ол иттерге көз қырын саламын деп бір сәтке бұрылғанда әйелінен көз жазып қалған. Зои жартаста болмай шыққан.
“Ештеңе естіген жоқпын: айқай да, сыбдыр да. Мен оған телефон соқтым, алайда бәрі бекер екенін түсініп тұрдым. Құздың биіктігі он метрден астам еді. Содан кейін Төтенше жағдай қызметін шақырдым”, – дейді ол.
Әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін айнаның көмегімен біліп қойды
Зоидің денесін құтқарушылар судан тапқан. Күйеуі қайғылы хабарға дайын болғанын айтты, себебі мұндай биіктіктен құлап, аман қалу мүмкін емес еді.
"Фотоға түсуді қатты жақсы көретін. Оның телефонын құлпыдан ашып, жартастың шетінде суретке түскенін көрдім. Бұл оның соңғы селфиі болды", – деді марқұмның күйеуі.