Әйел мен 10 айлық бала суши жеп ауруханаға түсті
Ресейдің Липецк қаласында бір отбасы пицца мен сушиге тапсырыс беріп, салдарынан уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Суши мен пицца жеп анасы мен 10 айлық бала ауруханаға түсті. Ересектердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты.
Қазір Роспотребнадзордың аймақтық басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.
“Жексенбі күні екі әйел, 17 жасар қыз бен 10 айлық бала Липецк мейрамханаларының бірінен суши мен пиццаға тапсырыс берген. Түнде олар өздерін нашар сезінген. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Роспотребнадзор мамандары тағамға тапсырыс берілген фастфуд мейрамханасын тексереді”, – деп жазды басылым.
Бұған дейін Қостанай облысында балалар мен олардың атасы улы газға уланып қаза болған еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар