Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел қымбат күшік сатып алып, оны түлкі етіп өсірген

Фото: Shanxi TV

Қытайда әйелге қымбат күшік деп түлкі күшігін сатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Daily Mirror басылымының мәліметінше, Қытайдың Шаньси провинциясында тұратын Ван есімді әйел зоодүкеннен жапон шпицінің күшігін 1,3 мың юаньға (шамамен 15 мың рубль) сатып алған. Алайда уақыт өте келе “күшік” өзгеріп, оның құйрығы үлпілдеп, тұмсығы ұзара бастаған. Бұған қоса, ол иттің жемін жемей, үрмей қойған және өзінен өткір иіс шыға бастаған. Саябақтағы басқа иттер бұл жануардан қорқып, қашқақтайтын болған, ал өтіп бара жатқан адамдар оның түлкі екенін ашық айтқан.

Күмәнді Тайюань хайуанаттар бағының маманы Сунь Лэтянь сейілтті. Жануар иесі сол маманға жүгінген.

“Көлеміне қарағанда, бұл қолға үйретілген түлкі. Уақыт өте келе оның иісі күшейе түседі”, – деп түсіндірді ол.

Кездейсоқ иттің орнына түлкі өсіріп алған әйел жануардың жағдайын ойлап, оны хайуанаттар бағына тапсырған. Қазір жыртқыш карантинде тексеріліп жатыр. Алайда қызметкерлердің айтуынша, Ван оны кез келген уақытта барып көре алады.


Ит иіс сезу қабілетінің арқасында иесін өлімнен аман алып қалды

Ер адам қызбен кездесу үшін оның тотықұстарын кепілге алып, бопсалаған

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 23:58