Әйел-дәрігерді соққыға жығып зорламақ болған ер адамға қатысты үкім шықты
Ақтөбе облысында әйел дәрігерді соққыға жығып, зорламақ болмаған 47 жастағы ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Оқыс оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Қылмыскер құрбанының пәтеріне түн ішінде кіріп алып, бойжеткенді ұрып соққан, тістерін сындырған, деп хабарлады КТК арнасы.
Жәбірленуші Әйтеке би ауданында дәрігер ретінде небәрі төрт ай қызмет атқарыпты. 25 жастағы әйел 8 айлық баламен бір өзі тұрып жатқан екен. Ал бұл мекенге ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Әріптестері оның білікті маман әрі қарапайым әйел болғанын айтады.
2016 жылдың 19 қыркүйегінде қылмыскер әйелдің үйіне басып кірген. Әйелдің даусын көршісі естіп қалып, полиция шақыртқан. Жәбірленуші аудандық ауруханаға, одан кейін Ақтөбеге жеткізілген. Болған оқиғадан кейін есін жиған дәрігер жұмыстан шығып, ауылдан кетіп қалды.
Ал оған тап берген қылмыскер бірден қолға түсті. Ол ер адам бес баланың әкесі екен. Қылмыскер биржаның атынан құрылыста жұмыс істеп, өз құрбанынан бірнеше үй кейін тұрған.
Ал 1300 тұрғыны бар ауыл енді дәрігерсіз қалып отыр. Тек әр 10 күн сайын мұнда аудандық ауруханадан дәрігер келіп тұрады.