Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел ана сүтін сатып, 5,5 миллион теңге ақша тапқан

@Debrito_bunch лақап аты бар тик тик қолданушысы Мила Дебри өзінің ана сүтін бодибилдерлерге сатып, 10 мың фунт стерлинг (5,5 миллион теңгеге жуық) тапқанын айтты. Ол бұл ақпаратты өз оқырмандарымен видео арқылы бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Блогер ана сүті құйылған пакеттерді көрсетеді. Бұл видео 200 мыңнан астам көрілім жинап, шабыттандыратын көп пікірлер жинаған. "Сонымен, толығырақ айтыңызшы. Дәл қазір баламды емізіп отыр едім", – деді бір әйел посттың астына. Тағы бір оқырманы: "Мен де осылай жасағым келеді!" – деп жазды. 

Men's Health басылымының хабарлауынша, ана сүтін тұтыну идеясы бірнеше жыл бұрын бодибилдерлер арасында танымал болған. Бодибилдер Джей Джей Райтнаур бұл трендті "ана сүті маған бала кезімде пайдалы болды, сондықтан неге қазір пайдалы бола алмайды?" деп түсіндіреді. 



Бір кесе ана сүтінде шамамен 170 калория бар. Оның ішінде он грамм май, 16 грамм көмірсулар және екі грамм ақуыз, сонымен қатар кальций, калий, натрий, мырыш, фосфор, магний кездеседі. Спорт диетологы Брайан Сент-Пьер ана сүтінде бірнеше өсу гормондары бар екенін айтады. Бірақ маман оның ересек адамға қандай да бір әсер беретініне сенімді емес.

"Ана сүті бұлшықет өсіруге көмектеседі ме? Менің ойымша, бұл сұрақтың жауабын ешкім білмейді және бұл ешқашан ғылыми тұрғыдан анықталған жоқ, бірақ көптеген адамдар интернеттегі форумдарда кездесетін оқиғаларға сенуге дайын тұрады", –  деді Сент-Пьер.

Талқылау