Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір денедегі он түрлі тұлғамен өмір сүретін ер адам олардың жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін айтты

Германияның Мюнхен қаласының тұрғыны бір денедегі он түрлі тұлғамен өмір сүретінін айтады. Санасындағы түрлі тұлғалар оған жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

22 жастағы Леонард Стекль ерекше психикалық ауытқуға шалдыққан. Соның салдарынан оның санасы бір денеде өмір сүретін он түрлі тұлғаға бөлініп кеткен. Әр тұлғаның өз қалауы мен қабілеті бар екен. 

Жасөспірім кезге дейін Леонард қарапайым жұмыстармен шұғылданған. Тек емтихан кездерінде ғана жағдайы нашарлайтын дейді. Қазір жұмысқа орналаса алмайды. Тек қолдан жасалған сөмкелер мен бетбелгіні ғаламтор арқылы сатып, пайда табады. 

"Мен – Леомын, жүйенің қазіргі басшысы. Маған тамақ дайындаған, кітап оқыған, сүйіктіммен бірге фильм немесе сериал көрген ұнайды. Кову – біздің ең кішкентай тұлғамыз, ол туралы білетініміз аз, себебі өте тыныш. Біз ол жарақат алған деп күдіктенеміз. Гектор – үнемі қуанып жүретін бала. Оған жұмсақ ойыншықтар ұнайды, зообақ немесе аквариумға баратын кезде қатты шаттанады. Анна – анорексияға шалдыққан. Космо – өте шулы, қылымсыған жасөспірім, үнемі жаман нәрсеге ұрынады", – дейді Леонард Стекль.

Ер адамның айтуынша, Эш – ең кішкентайы, оған саяхаттаған және әлемді зерттеген ұнайды. Джесси – тыныш, бірақ мейрімді, өзге адамдарға құрметпен қарайды екен. 

"Билли – біздің қорғаушыларымыздың бірі. Ол далаға шыққанда біздің қауіпсіздігіміз үшін алаңдайды. Лив – жыныстық қорғаушымыз. Ол бізге басқа адам аса жақындай түссе, бірден біліп қояды. Рэд – үлкен тұлға және жүйенің "анасы", – дейді ол. 

Леонард екі жылдан бері өзінің сүйіктісі Массимомен бірге тұрады. 

"Мендегі әр тұлға онымен әр түрлі қарым-қатынаста", – деп түсіндірді ол. 

Талқылау