Әйел асыранды баласын маймылға айырбастамақ болған
АҚШ-та 70 жастағы америкалық Бренда Рут Дойч 200-ден астам бала асырап алып, кейін ата-аналық міндетіне немқұрайлы қарады деп сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBCNews cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: NBCNews
Линкольн округінің тұрғыны ата-аналық міндеттеріне немқұрайлы қарады, балаға қатыгездік көрсетті және олардың өміріне қауіп төндірді деп айыпталып жатыр.
Әйел асырап алған баласын экзотикалық маймылға айырбастамақ болған. Екі куәгер баланы маймылға аырбастағысы келген әйелді байқап, полицияға хабарлады.
Линкольн округінің прокуроры Майк Вудтың айтуынша, Дойч 15-20 жылда 200-ден астам баланы асырап алған.
2022 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың қаңтары аралығында ол 17 жасқа толмаған жасөспірімнің бетінен ескекпен ұрып, соның кесірінен бетінен қан кеткен.
Күдікті түрмеден тек кепілдікпен шыға алады. Ол 250 000 доллар (130 миллион теңге) болып белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"