Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 22 жастағы қызының жатырынан сәбиін кесіп алған

Әйел 22 жастағы қызының жатырынан сәбиін кесіп алғанФото: people.com

АҚШ-тың Мичиган штатында әйел өз қызы мен оның сәбиін өлтіргені үшін күйеуімен бірге айыпталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

23 қарашада 22 жастағы Ребекка Парктың денесі табылды. Ол бір айдай із-түзсіз жоғалған болып есептелген. Сараптамалар бойынша қыздың жатырынан сәби кесіп алынған. 2 желтоқсанда прокуратура Кортни және Брэдли Бартоломьюға Парктың анасы мен әкесіне қатысты айыптар қойды.

Тергеу дерегінше, 3 қарашада олар қызды орманға апарып, оның жатырынан сәбиін кесіп алған. Осылайша, Ребекка да, сәби де аман қалмаған. Прокурор Кортни мен Брэдлидің әрекеттерін "таза зұлымдықтың көрінісі" деп атаған.

Сондай-ақ қылмыс жасалған күні Кортни 14 жастағы ұлына тыныштандырғыш беріп, оны видеода "түнде анасы жанымда болды" деп айтуға мәжбүрлеген. Алайда бала дәрінің әсерінен нақты не болғанын есінде сақтамайтынын айтқан.

Кортни мен Брэдли Бартоломьюға ауыр қылмыстар бойынша алты айып тағылып, әрқайсысы өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін. Қазір олар кепілсіз қамауда отыр.


Шымкентте перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды


Жаңа туған нәрестені Қазақстаннан әкетпек болған Қытай азаматтары Алматы әуежайында ұсталды


Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі бірдей ана бір перзентханада сәбилерінен айырылып қалғанын жазған едік. Арай Ақан 5 мамырда көптен күткен сәбиін қолына аламын деп қуана перзентхана табалдырығын аттаған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Айтуынша, дәрігерлер оның жағдайын назарсыз қалдырып, дер кезінде көмек көрсетпеген. 

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 12:43