Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар Байжанов: Көбіміз әлі күнге “қатыннан” қашып, “әйелді ардақтап жүрміз”

“Қатын” сөзі мына заманда құлаққа түрпідей тиеді. Алайда архаизмге айналған осы бір сөздің түпкі мағынасында не жатқанын көпшілік біле бермейді. «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Байжанов «қатын» және «әйел» сөздерінің қолданылуына байланысты өз ойын білдірді.

IMG_2900-1024x682

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қатын” сөзі отағасынан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін, мүлік пен малдың еншілесі, сыбаға басы деген мағынаны береді екен. Керісінше біз сүйсіне қолданатын «әйел» сөзінің мағынасы аса жағымды емес. Араб тілінен аударғанда — күңсі, яғни күңнен де төмен, бас еркі жоқ, өлсе — құнсыз, еңбегіне жалақы төленбейтін, туған баласы да есепке алынбайтын басыбайлы үй салмасы дегенді білдіреді. Бұл терминді қазақ халқы қолданғанымен, өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, ноғай, қарақалпақ халықтары «әйелден» әлдеқашан бас тартқан көрінеді.

Ендеше Айдар Байжановтың Instagram-да жариялаған жазбасына назар аударайық:

«Қатын» сөзі дөрекі, әрі басынғандық түрінде естіледі. Күйеуге шыққан қыздарды қазақтарда қатын дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. “Қатын “байырғы қазақ тілінде “құтым” (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимиляциялануы барысында “құтым” сөзі “қатынға” ауысыпты. “Қатын” сөзі араб тілінде хатун – “таң нұры”. Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да “қатын” сөздері кездесіпті. «Қатын» сөзін қазіргі қазақшаға аударғанда «ханым» дегенді білдіреді екен. Түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде “қатын” сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін “хотун” деп, сол иіске әйел затын теңестіргендігі жайлы айтылыпты. “Қатынның” мағынасы дұрыс сияқты. Ал, қазір “әйел” деген сөзді әспеттейтін болдық. Бірақ, “әйел” сөзі “Әй, ел!” деп енелердің менсінбеуінен, яғни жат жұрттық, басқа елдікі деп “әй, ел!” басынғандығынан шыққан дейді. Мүмкін бұл рас та шығар, бірақ түбі бұл сөздің жақсы емес екені анық. Көбіміз әлі күнге “қатыннан” қашып, “әйелді” ардақтап жүрміз”.

Жіберіп алмаңыз:

 “Жігіттер” тобындағы Айдар “әйелдің ұрысқақтығын басатын” шай шығарып жатыр

Фонограммамен және жанды дауыста ән салатын жұлдыздар дауы

Төреғалидің әкесі елден жасырын түрде келін түсірді (фото)

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Талқылау