Айдар Байжанов: Әйелді жасырған сайын бағалы болады
Айдар Байжанов отбасын жасыратын әріптестерінің әрекетін құптамайтынын айтты.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.
“Жігіттер” тобының әншісі Айдар Байжанов халықтан отбасын жасыратын әншілердің әрекетін түсінбейтінін сөз етті. Десе де, ол некелі жұбайы мен қызын ешкімге көрсеткісі келмейді екен.
“Халық ақымақ емес. Әніңді жақсы көріп тұрса, саған өздерін жаулауға мүмкіндік береді. Халықтың сүйіспеншілігіне бөлену үшін отбасын жасыру – арзан нәрсе. Әйелім мен қызымның бар екенін жасырмаймын. Бірақ оларды ешкімге көрсеткім келмейді. Әйел адамды жасырсаң, ол өте бағалы болады. Сол себепті, халық сұрап жатса да, көрсеткім келмейді. Түсірілімдерден тыйып отырамын”, – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова: Ұлым Қайраттай болса, өнеріне барымды салар едім
Қайрат Нұртас: Анамды иман жолына келтіріп, Меккеге апарғым келеді