Айдана Меденова жол апатына түсіп қалды
Айдана Меденова жол апатына түсіп, қабырғасын зақымдап алды. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Адамдарға қуаныш пен күлкі сыйлағанды ұнататын Айдана алғаш рет жағымсыз жазба қалдырғанын айтты. Әнші өткен аптада жол апатына түсіп, қабырғасын сындырып алған болып шықты. Сорақысы да сол, сахналық әріптестерінің бірі Айдананың физикалық тұрғыдан әлсіз екенін біле тұра әдепсіздік танытқан. Меденова мәдениетсіздік танытқан әріптесінің аты-жөнін атамады.
«Ешқашан өз парақшамда мұндай жағымсыз пост қалдырған емеспін. Алайда менің қазіргі денсаулық жағдайым мәз емес. Оқырмандарымның көңіл-күйін түсірмейін деп өткен аптада жол апатына түсіп, қабырғамды сындырып алғанымды айтпап едім. Бірақ бүгін түсірілім алаңында болған оқиғаға шок болып отырмын. Әріптестерімнің бірі ерлерге жараспайтын әрекетке барды. Түсірілім сценарийіне өзгеріс енгізіп, менің кезегім келгеніне қарамай, денсаулығымды ескеруін өтінгенімді елемей кетті. Ол аздай, директорыма мінез көрсетті. Әріптес, осы жазбамды оқып отырсың деген үміттемін. Атыңды атауға тәрбием жібермейді. Тек түсірілім алаңының «базар» емес екенін біліп жүр. Сен мәдениет өкілі емессің бе? Ойлану керек», – деп жазды әріптесіне ашуланған Айдана.
Желі оқырмандары Айданаға әдепсіз әріптесінің бұл қылығына мән бермеуге шақырды. Сүйікті әншісінің денсаулығы үшін алаңдап, тезірек сауығып кетуін тілегендер көп болды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек
Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді
Салтанат пен байлық: Сиви Махмұдидің бары келушілерді несімен таң қалдыра алады (фото)
Танымал ақын Роза Әлқожаға гаухар тасты жүзік сыйлады (видео)