Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті (фото)

Босанғанына 10 күн болған Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті.

18722293_132879177265553_3278183532983222272_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қызы мен ұлының суретін жариялаған ол: “Аминосиктің бауырына қарап отырған түрі”, – деп қуана жеткізді.

Бұл ретте желідегілер сан түрлі пікірлерін білдірді. Кейбіреулер Айдананың балаларының өте сүйкімді екенін айтса, ендігілер Айданаға жаңа туған сәбидің суретін жариялауға болмайтынын ескертті.

18947453_1931020993805338_1896314394321616896_n

“Айдана, әзірге көрсетпеңіз, ол әлі тым кішкентай ғой, қырқынан шықсын”, “Амишок үлкен қыз болыпты, балапаныңның бауы берік болсын”, “Бақыт деген осы”, “Қандай сүйкімді еді өздері”, “Көз тимесін тәттілерге”, “Қырқынан шығармайынша салмасаңызшы”, – деді желі оқырмандары.

Еске сала кетейік, мамырдың 30 күні Айдана Меденова екінші сәбиін дүниеге алып келді. Әншінің ұлына Әлихан деп есім берілді.

Жіберіп алмаңыз: 

Астанада Димаштың әлемдік фанаттарының кездесуі өтеді

Сиви «тойынғаннан ысырап той жасады» дегендерге өлеңмен жауап берді

Актер Дәурен ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарып алды(фото)

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Талқылау