Айдана Меденова Луина ұтқан жүлденің өзіне бұйырмағанына өкпелі
Экс кешьюлік арулардың бірі жеке өміріндегі қиындықтарымен алысып жүргенде, екіншісі өнерде жолын кес-кестейтіндердің барынан қатты күдіктенеді! Айдана Меденова өнердегі әріптестерінің түгеліне табысталып жатқан “ЕМА” жүлдесінен жыл сайын құр қалатынына аса өкпелі.
Сурет: Айдана Меденованың жеке парақшасынан
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.
Қанша хит тарту етсем де Eurasian Music Awards-тың үміткерлері тізіміне ешқашан енген емеспін деп мұңын шақты ару! “Өздерінің шешімі шығар сондай! Сұрақ, мен үшін де сұрақ!” – дейді Айдана Меденова.
“Eurasian Music Awards-тың” өткен, яғни 2016 жылғы жүлделері әділетсіз тарқатылды деген болатын көпшілік. Ал, биылғы мүсіншелер лайықты иесін таба ма? “Космос” әнімен “Ең үздік бейнебаян” номинациясында оза шапқаны Кенталды қанағаттандыра қоймады. “Өкіндім. Неге “Үздік әнші” номинациясын алмадым деп. Бірақ, енді бұйырғаны осы”, – дейді Кентал.
Кентал “ЕМА” мүсіншесінен ғана емес, “Ninety one” иглздарының махаббатынан да дәмелі сынды. Ал “рейванстар” армиясын жасақтап, жаңашылдығымен таңқалдырған Блэйк Дайл мен Зирузаны Айри шаң қаптырды. Сылқым “Жыл серпілісі” жүлдесін қолдан бермек емес! Ал басты жүлделердің бірі Луинаға табысталған болатын.
“Екі жыл қатырынан дәл осы номинацияда үздік шыққан едім. Одан кейінгі екі жылда тіпті үміткерлер қатарына да қосыла алмадым! Дегенмен, үшінші рет мүсіншені қанжығалау зор қуаныш!” – дейді Луина.
Жіберіп алмаңыз:
16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте
Әжелердің сандығындағы көйлектер биылғы күзде сәнде болмақ