Қостанай облысында төрт қыздың қалай жоғалып кеткені белгілі болды
9 қазан күні Қостанай облысы Асенкритовка ауылында кешкі сағат жетілер шамасында 7-12 жастағы төрт қыз үйден шығып кетіп оралмады, деп жазады Қостанай жаңалықтары.
Мектеп оқушылары Әйет ауылындағы туыстарына қонаққа бармақ болған. Олар автобуспен кетуге тырысты, бірақ оларды автобус жүргізушісі көлікке мінгізбеді.
Осыған қарамастан, олар көрші ауылға жаяулап кете барды. Қыздар жол бойымен жаяу жүрді. Қараңғы түскенде олар таңды күту үшін жақын жердегі шұңқырға тоқтады. Жоғалған балаларды іздеуге 30-дан астам құтқарушы, сонымен қатар тәртіп сақшылары, еріктілер, жергілікті әкімдік қызметкерлері және бес техника жұмылдырылды.
Олар балаларды Асенкритовканың өзінен және келесі бес ауылдан іздеді. Қыздар тек келесі күні таңертең Асенкритовка мен Әйет ауылдарының ортасынан табылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қыз балалар ауруханаға тексеру үшін жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді.