Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айдалаға қонып, масаға таланғым келмеген еді": Мадина Сәдуақасова бірінші рет балық аулауға барды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Мадина Сәдуақасова өмірінде бірінші рет балық аулап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі күйеуі мен баласының балық аулағанды жақсы көретінін жеткізді. 

“Еріңнің ебін тапсаң, көңілің орнына түседі. Балық аулауды жақсы көреді. Олжасқа осы жолы балық аулауға еріп бардым. Өзіме де ұнады. Баяғыдай масаға таланып, айдалаға қонғым келмеген еді. Өзімнен бұрын Олжас бақытты болып жүрді. Менің келгенім керек болыпты. Шын бақытты сезіну үшін көп нәрсе керек емес екен. Балқаш жақтағы Жиделі деген жерге барып, балық ауладық. Мұнда барлығы ғажап: табиғаты, өзен, балығы, тұратын жерлері, асханасы. Мен салмағы 11 келі болатын балық ұстадым. Қиын екен”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі ұлы Әнуардың да балық аулауға қызығатынын айтты. 

“Ұлым да әкесі сияқты балық аулағанды жақсы көреді. Қарапайым дүниелерге қуанып жүр. Өйткені әкесімен балыққа шыққанда ыстықты да, суықты да көреді. Далаға шатырға қонады. Ал бұл жер өте жайлы”, – деп күлді әнші. 

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған әншіні сынаған еді. 

Талқылау