Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Фото: Gov.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Смадияров осы қызметте 2018 жылдан бері болған. Қызметінен кететінін ведомстводағы брифингте журналистерге өзі хабарлады.
"Осы күнге дайындалып жүрдім. Бұл кенеттен шыққан шешім емес, бұл менің жеке шешімім болды. Сегіз жыл бойы осы трибунада тұрдым. Осы жылдар ішінде еліміз сыртқы саясатта көптеген кезеңдерді өткерді, көптеген мәселелер болды. Ал бүкіл әлем Қазақстан туралы тек сіздердің арқаларыңызда білді. Сіздер Сыртқы істер министрлігіне зор қолдау көрсетіп отырдыңыздар", – деді ол журналистерге.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"