Айбек Оралбай алғашқы лицензияның иегері атанды
Италияның Бусто-арсициода қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде алғашқы олимпиада жолдамасына ие болған боксшымыз белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай қазақстандық боксшылардың ішінен алғашқы болып Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ол ширек финалда америкалық былғары қолғап шебері Джамар Таллимен жұдырықтасты. Үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары деңгейде өнер көрсеткен отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасында екі-ақ лицензия болған еді. Оның бірі Қамшыбек Қоңқабаев алса, қыздар арасынан Карина Ибрагимова иеленген еді.
"Директордың алдында жауап бересіздер": Қазақстандық мұғалімдер жаңа Конституцияны қолдауға мәжбүрлеп жатқанын айтты
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған

