Аязды күні автокөлік жүргізушілері нені есте сақтау керек?
Аяз күндері автокөлік жүргізушілері нені есте сақтау керек? Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook парақшасында жазды.
“Қозғалтқышыңызды жеткілікті мөлшерде жылытсаңыз да, көлігіңізде одан басқа бірнеше құрылғыны жылыту керегін естен шығармаңыз. Мысалы: амортизатор, тежегіштер және бағыттау қорабы (коробка передач) т.б Көлікті алғашқы бір километрде баяу жүргізу керек. Жолда шұңқырлар мен тесіктер кездессе 40 км\сағ жылдамдықпен жүрген жөн”, -деп жазды Лукьянина.
Ол көліктің үдеткіш педаліне (педаль газа) қатты күш түсірмеуге кеңес берді.
“Әдетте, амортизаторлар, көпір (мост) және қорап (коробка) екі-үш шақырымдық жолдан кейін қалыпты температураға дейін қызады. Қалада бұл жол жағдайына байланысты. Жол бойындағы діскілер мен шұңқырларға жақындағанда тежегішті алдын ала басыңыз. Себебі тежегішті алдын ала бассаңыз ол, жылына бастайды”, – дейді ол.
Бұдан бұрын, энергетика министрі көлік жүргізушілеріне аяз күндері дизельді отынды үнемдемеуге кеңес берген еді.
Тағы оқыңыз:
Астана аязында көшеде жаздық киіммен жүрген жігіт қала тұрғындарын таңғалдырды (видео)
Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)
Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына бюджеттен ақша бөлінуі мүмкін
Премьер-министр: аяз күндері қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар