Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін": Жанқош Тұраров жеке басындағы дауға қатысты желіде жазба қалдырды

Жарақатына байланысты үздік боксшылардың бірімен жекпе-жегі өтпей қалған Жанқош Тұраров басынан өтіп жатқан дау-дамай мен спорттық мансабына қатысты желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсетуі керек болған Жанқош Тұраров басында түскен сынаққа сынбауы халықтың да әсері бар екенін жария етті. 

“Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа - Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын” – деді боксшы.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде  жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын. 

 

Талқылау