Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ сүйегі өспеу үшін үй жағдайында қолданылатын әдістер

Бүгінде аяқ сүйегі өсіп зардап шегушілер қатары көп. Әсіресе, әйел адамдардың аяқ сүйегі өсіп мазалап жатады. Осындайж жағдайда қолданатын әдістерді атап көрсетейік.

1480938987_inettools_net_resize_image

Әуелі ағзаны тұздан тазарту керек. Кешкісін 300 мл суға бір ас қасық ұсақталған лавр жапырағын салып, 5 минут қайнатыңыз. Сосын ол суды термосқа құйып таңға дейін қойып қойыңыз.

Сұйықтықты аз аздан күні бойы ішіп жүріңіз. Сұйықтықты күнде кешкісін осылай жасап 3 күндей ішіп тұрыңыз. Бір аптадан соң қайта осылай жасаңыз. Аяқ сүйегінің шығуын тоқтату үшін саталған сұйықтықты 2 ай бойы ішу керек.

Бұдан бөлек бұл сұйықтықты өтте тас бар кезде қолданса, ағзаны тазартады.

5 ірі лавр жапырағын 96 пайыздық 100 мл спиртке салып, бір апта бойы қойып қойыңыз. Кейін қоспаны сүзіп алыңыз.

Сосын аяғыңызды 1 асқасық сода қосылған 3 литр жылы суға булап алып, кейін спирт қоспасын жағыңыз. Жылы шұлық киіп ұйқыға жатыңыз.

Аяқ сүйегіндегі ауырсынуы басатын тағы бір әдіс бар. Ол үшін йод пен аспирин керек.

10 мл йодқа 5 тал аспирин дәрісін үгітіп қосыңыз. Аспирин йодда ерігенше күте тұрыңыз. Дәрі йод ішінде ерігенде ыдырап, түссіз болады. Осы қоспамен аяқ сүйегіне, денедегі ауыратын барлық жерге түн сайын жағып жатыңыз. Сіз оң нәтижесін бірден байқайсыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Талқылау