Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқкиіміне дейін жылтыр тас жабыстырдым": Гүлзира Айдарбекова ұлының алғаш сахнаға шыққан сәтін есіне алды

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың алғаш сахнаға шыққан сәтін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі кезінде ұлын мойындамаған тыңдарманға үндеу жасады. 

“Мен үшін ұмытылмас тарихи сәт. “Сенің балаң әнші болады дейсің ба?” деген мысқыл сөздердің бәрі құлағымда әлі күнге дейін жаңғырып тұрғандай. Таң атып кетіпті, көз ілмедім, үнсіз армандап көзімнен жас кете беріпті. Жастығым әбден су болған. Көз алдымда жарқыраған таспен көмкерілген костюммен сахнада ұлымды елестеттім. Стадиондар, залдар толы халық, шіркін тура осылай мойындатып, сол адамдар тойына ұлымды шақырулары арман болса деген қиялмен, ызаға булыққан күйі көзім ілініп кетіпті. Өзіме келіп ес жинадым”, – деп бастады әңгімесін Гүлзира.



“Артынша “Арман” әнімен танылды. Бір күннің ішінде бүкіл жерде ұлымның әндері қойылып, хитке айналды. Өз-өзіме сенер емеспін. Қиялымдағы костюмді жасату үшін ақ костюмді сатып алып қымбат моншақтар тауып, біртіндеп жабыстыра бастадық. Аяқкиіміне дейін жылтыр тасты өз қолыммен жабыстырдым. Қиялымдағы кейіпті мықтылап көрсету үшін жоғарыдан жарқырап түскенін қаладым. Әлемдік әнші Haddaway Республика сарайында осы кеште қонақ болып, екеуі бірге ән шырқады. Міне сол кездегі сәті, мен қиялдаған костюм, ине шаншыр жер жоқ. Мыңдаған халық келді. Бұл сәт мойындатқаным емей немене?! Бақытты сәт болмағанда немене?! Ана жүрегі, ана тілегі деген осы?!”, – деп жазды продюсер. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова отандық өнім шығарғанын жазған едік.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 10:28
Талқылау
`