Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аяқ астынан”: Ақбота Керімбекованың ұлы үйленетінін тойдан бір ай бұрын айтқан

Үлкен ұлының үйлену тойында қазақ өнері өкілдерінің басын қосып, Алматыдағы зәулім сарайда дүркіретіп той жасаған Ақбота Керімбекованың жанұясындағы жаңалығы қазнетте қызу талқыға түсуде. Жұрт назарын аударған жұлдызды кешке Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де қатысып қайтқан еді.

"Аяқ астынан": Ақбота Керімбекованың ұлы үйленетінін тойдан бір ай бұрын айтқан

Жас ененің айтуынша, тойға қысқа уақыт ішінде әзірленген. Осыдан бір ай бұрын ғана тұңғышы Біржан отбасын құратынын жеткізіпті.

«Шыны керек аяқ-асты болып қалды. Анам жүрегі ауырып сырқаттанған кейін, шөбере сүйгім келеді дегені бар. Соны бала күнделікті естіп жүргендіктен ба, әйтеуір үйленем деді. Бұл бірінші әжесінің тілегі мен ниеті. Біз қуандық және қолдадық. Алғашқы ұлым әжесінің баласы болғаннан кейін келіннің тәрбиесін сол кісіге тапсырамын. Менің құқым жоқ. Келінім де әжесінің тәрбиесін алады деген ойдамын. Анамның тәрбиесін алса, келінім жаман болмайды», – дейді жұлдызды ене.

Ақботаның келіні Айгерім есімді ару. Күйеу жігіт пен қалыңдық әлеуметтік желі арқылы танысқан екен.

«Қазір заман солай ғой. Екі жылдан астам уақыт біргеміз. Өзі негізі Алматы қаласының тумасы. Әке-шешесі Шығыс Қазақстан өңірінен. Үйдегілердің өздері үйлен деп айтып жүрді. Мен ең басында Айгерімді үйге алып келдім. Үйдегілер не айтады екен? ойын білейін деген сиқяты. Әжем мен анама бірден ұнады. Айгерім көп қыздар сияқты төрге шығып отырып алған жоқ. Бірден анама көмектесіп, ас үйге кіріп, ыдыс-аяқты жуды. Содан кейін әжемнің іші жылып, жақсы көріп қалды. Бөлек шығу ойымда жоқ. Мен әжемді, анамды тастап кетпеймін. Қайда барсам да, менің жанымда болады», – дейді әншінің ұлы Біржан.

"Аяқ астынан": Ақбота Керімбекованың ұлы үйленетінін тойдан бір ай бұрын айтқан

Ақботаның қуанышында шек жоқ. Тұңғышының тойына осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен экс-күйеуін және оның туыстарын да тайлы-тұяғын қалдырмай шақырыпты.

«Бүгін бәрі келді. Мен ұлымның әкесіне, туыстарына алдын-ала хабар бердім. Өйткені балаларымның өз жұрты, елі бар. Сол себепті олар тойымда, жақсылығымда болуы тиіс деп ойладым. Сол үшін шақырдым. Әкесі, туысқандары, бауырлары бәрі келді. Барлығы осы тойда», – дейді Керімбекова.

Тойға шақырылған меймандардың тізімінде Роза Рымбаева да бар. Ақбота – отандық эстрададағы Халық әртісінің сүйікті әншілерінің бірегейі екен.

«Ақбота кәсіби маман. Ол біздің академияны бітірген. Менің ұстазымнан бітірген. Оның үстіне ерекше әнші. Лирикалық әнші, музыкант. Талғамы жоғары. Сондықтан өзінің мамандығымен еңбек етіп жүрген, қазіргі нағыз жұлдыздарымыздың бірі», – дейді Роза Рымбаева.

"Аяқ астынан": Ақбота Керімбекованың ұлы үйленетінін тойдан бір ай бұрын айтқан

Керімбекованың қуанышына ортақтасып келген Қайрат Нұртастың ата-анасы, жас ененің ер мінезді екенін айтады. Мәселен, Гаухар Әлімбекова істі болған сәтте жұлдыздардың басын қосқан Ақботаның дәл өзі.

«Ақбота Керімбекова еркекке біргісіз әйел. Барлық уақытта ер адамның тірлігін жасап жүреді. Өткенде Гаухар Әлімбековаға көмек керек болған кезде, бірінші атылып шыққан сол еді. барлығының басын қосып, кірісіп, барып, сөйлескен сол Ақбота. Қайта-қайта Гаухардың жағдайын жасады. Екінінің бірі олай аталып шығып, уақытын кетірмейді. Қайда кезде болмасын жүрегі қаласа, көмекке дайын тұратын қыз», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Керімбекованың келінді болатынын бірінші естігендердің бірі – Нұрлан Албан. Ақботаының қуынышында бас құданың қызметін атқарған. Өйткені, өнерпаздар кезінде бір сыныпта білім алған екен.

«Біз Ақбота екеуміз сонау ықылым заманнан, бесінші сыныптан бастап біз бір-бірімізді білеміз. Өйткені біздер Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының түлектеріміз. Ең алғаш ұлым үйленеді деп хабарласып, менен сүйінші сұрады. Мен келіннің ел-жұртына барып бас құда болып қайттым. Ақботаның анасы Бибіажар анамыз, ол менің анам. Бүгінде келінді болып жатқан анамыздың қуанышы. Қаншама жылдан бері бір ағалы-қарындасты болып жүрміз. Ниетіміз бір пенделерміз», – дейді ағынан жарылған Нұрлан Албан.

Ал, «Жігіттер» тобы үшін Ақботаның орны ерек. Аталмыш төрттік алғаш шыққан жылдары Керімбекованың көмегін көп көргендерін айтады.

"Аяқ астынан": Ақбота Керімбекованың ұлы үйленетінін тойдан бір ай бұрын айтқан

«Ақбота Керімбекова біздің әпкеміз болады. Ол кісіні өте құрмейттейміз. Өйткені «Жігіттер» тобы Шымкенттен көшіп келмей тұрған кезде, Алматыға келіп-кетіп жүретінбіз түсірілімдерге. Сонда Ақбота әпкеміз бізді жақсылап күтіп алып, сонда көптеген ақылдарын айтып отыратын. Содан бері бізге ыстық. Ол кезде ұлдары әлі кішкентай еді. қалай өскенін білмей қалдық. Қазір үйленіп жатыр. Содан бері енді көріп жатырмын», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова үш баланың анасы. Алғашқы некесінен екі ұлы бар. Кейін екінші мәрте шаңырақ көтерген бикеш тағы бір атұстарды дүниеге әкелді. Бірақ сәтсіз аяқталды. 2017-шы жылы үшінші мәрте тұрмыс құрған әншінің отбасылық одағы да ұзаққа созылған жоқ.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау