Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр

Айжан Жандарбекова (есімі өзгертілді) есімді бойжеткеннің тұрмысқа шыққанына биыл 3 жыл толған. Жолдасы екеуінің ортақ бір ұлдары бар. Дәл қазір екіншісіне аяғы ауыр. Ол күйеуінің өзін жөнсіз ұратынын айтып шағымдануда. Тіпті бір күні өзін өлтіріп қояды ма екен деп қорқып жүр екен.

girl-1502644_960_720

Бұл туралы бойжеткен “Әйел бақыты” бағдарламасына жолдаған хатында баяндаған.

“Ішіме сыймай бара жатқан соң сіздермен мұңыммен бөлісейін деп хат жазып отырмын. Көптеген адамның хатын оқып сан-қилы тағдырдың бар екенін білген соң өз өміріме шүкіршілік ететін жандардың бірі едім. Бүгін ішімдегіні сыртқа шығарғым келіп отыр. Тұрмыс құрғаныма биыл 3 жыл толады. Аллаға шүкір 1 жастан асқан ұлым бар. Бірақ осы 3 жыл бойы әр күнім таяқ жеумен өтіп келеді.

Жүрегім бір сәтке де қорқыныштан арылған емес. Күйеуім болмайтын нәрседен шу шығарып, мені таяқтың астына алады. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды демекші, бұл әрекетін қояр деп 3 жылдан бері көндігіп келе жатырмын. Мені ұлыма жүкті кезде қатты ұрып ауруханадан бірақ шығарған кездері де болған еді. Қазір екіншіме аяғым ауыр. Бүгін де бұған қарамай шашымнан сүйреп, бет-аузымды көгертіп тастады. Аямай ұлымның көзінше тепкілеп тастайтынына қатты налимын.

Бәрінен қатты шаршадым. Төзімім де таусылды. Кезінде ата-анам ажырас деген кезде адам болады деп айырылмай қойып едім. Қатты ашуланса, үйдегі дүние-мүліктің барлығын қиратып тастайды. Бір күні соның қолынан өліп кетемін бе деп қатты қорқамын. 1 сағатқа дейін тоқтамай ұрады. Таяқ жеген күні міндетті түрде ажырасамын деймін де, артынша ұмытып кетемін. Өзі де ұрып болған соң “жаным” деп түк болмағандай жүре береді арсыз!

Әке болып жұмыс істеп, бала тәрбиесімен айналысқан емес. Оған айтпай тығып жинаған ақшам мен ұлымды алып ажырасып кеткім келіп жүр. Ішімдегі баланы алдыртып, кішкене дүкен ашсам деген ойым бар. Ал енем немересі түгіл туған баласын іздемейді де. Хатты басым тепкіден қатты ауырып кеткен соң жылап отырып жаздым. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы, өтініш”, – дейді Айжан Жандарбекова.

Бұл хатты оқыған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі оған жылдам үйден кетуге, ал екіншілері үстінен арыз жазуға кеңес берді. “Құдай сақтасын, балаңызды алып кетіп қалыңыз. Бұл кісі адам болмайды. Бізге айту оңай, бірақ барлығын тек өзіңіз шешесіз”, “Өзіңді қолға алып ажырасып кет. Ал ішіңдегі баланы не істейтініңді өзің шеш. Бәлкім дүкеніңді ашып көтерілгеніңде ол қайтып келер”, “Ең дұрысы, бұл тақырыпқа қатысты анаңмен ақылдас”, “Мұндай жексұрынмен 1 минут та тұрма”, “Үстінен арыз жазыңыз. Оның бұл әрекеті сұмдық қой. Қазір ХХІ ғасыр, ешкімді басындырмаңыз” дейді желі қолданушылары.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы отбасылы азаматқа тоқал болудың тиімділігін тізіп берді

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Талқылау