"Аяғым сүрініп кетіп, наным шашылып қалды": Гүлзира Айдарбекова жас күніндегі қызық оқиғасын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова жас кезіндегі есінен кетпейтін оқиғасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасымен кездескен сәтін есіне алды.
“Мен мектепті бітірген жылы Нүрекең енді ғана әскерден келген кезі болатын. Түрі де осындай, үстіндегі майкысы да тура осы, тапшанда досымен отыр екен. Мен де, ол да қаладағы ағаларымыздың үйінде тұрамыз. Екі үйдің ортасын бөліп тұрған сол тапшан мен тар ғана жол. Асығып жүріп сүрініп, қолымдағы наным шашылып қалған кезде көзіне түсіппін. Нүрекеңнің шығарған “Сүрінген қыз”әні де сол кездегі сәтімізден естелік етіп жазылған. Қолында гитарасы, қашанда ән айтып жүретін. Орталық паркте, би кештерінде, тойларда ән салады екен. Солай нәпақасын тауыпты. Содан бері 37 жылдан асты, біргеміз. Сол махаббатымыздың куәсі ақ Қайроштарыңыз бала кезінен сахнаның көркіне айналды. Тыңдармандарын Нүрекең мені баурағандай баурап келеді. Аллаға шүкір үш ұлымыз, келіндеріміз, немерелеріміз өсіп-өніп, соларға қарап, бәрін еске алып отырамыз. Адамның бар байлығы– отаны мен отбасы. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, отбасымызда бәрі жақсы болуын жазсын”, – деп жазды продюсер.
-
"Істейтін келін қалмады": Гүлзира Айдарбекова күйеуінің үй тірлігіне араласатынын көрсетті
-
"Немерелер рахатын көреді": Гүлзира Айдарбекова жекеменшік сауда үйін салып жатқанын айтты
Еске салайық, Гүлзира Үсенқызы жолдасының көлік алып беретінін айтқан еді.
“Гүл машинам, күн машинам. Өзім сондай жақсы көремін. 2018 жылы салоннан алғанмын. Бәрі осы көлікке құмар. Нұрекең де, балалар да күшті машина айдап жүр. Бірақ менің көлігіме құмар. Айдап кете береді. Алыс жолға осымен шығамыз. Енді Нұрекең “жаңа көлік әперем” дейді. Енді ысырап болмасын деп сүйікті көлігімді сатқым келеді”, – деп жазған еді әншінің анасы.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
