Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ай сайынғы төлем 85 646 теңгеден бастап: Geely Galaxy көлік сатып алғысы келетіндерге арнайы ұсынысын жариялады

galaxy

Geely Galaxy сатып алушыларға арналған арнайы ұсынысын жариялады. Бұл заманауи әрі технологиялық көліктерді қолжетімді ете түседі. 

"Галактикалық пайда" бастамасы аясында Geely Galaxy CityRay мен Geely Galaxy Preface модельдерін сатып алудың ерекше форматы ұсынылған: 

  • Еуразиялық банк арқылы ай сайынғы төлемі 85 646 теңгеден басталатын несиелеу;
  • Үш жылға дейін бөліп төлеу.

Науқанды қазақстандық Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Geely Galaxy бренді бастады. Ал сатып алушылар ұсынысты 17 желтоқсаннан пайдалана алады.
Арнайы шарттар еліміздің алты шаһары – Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай мен Шымкент қаласындағы клиенттер үшін қолжетімді. 

Бағдарлама түрлі банктердің ұсыныстарын біріктіріп, автонесиелеуді бірыңғай терезе форматында рәсімдеуге мүмкіндік беретін Allur Finance қаржы агрегаторы арқылы іске асады. 
"Галактикалық пайда" бастамасы Geely Galaxy-дің негізгі артықшылықтары – жоғары технологиялық деңгейі, егжей-тегжейіне дейін ойластырылған жайлылық пен қауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдерін сақтай отырып, брендтің қазақстандықтар арасында қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 

Модельдер жайлы

Geely Galaxy CityRay белсенді өмір салты мен күнделікті қозғалысқа арналған заманауи кроссовер ретінде ұсынылған. Модельде айрықша дизайн, жүргізушіге көмектесетін интеллектуалды жүйе мен жоғары деңгейдегі жайлылық тоғысқан. Осылай қала ішінде және қала сыртындағы қозғалысқа арналған ұтымды шешімге айналады. 

Geely Galaxy Preface – премиалды жайлылық пен озық цифрлық технологияға мән беретін бизнес-седан. Кең салон, ойластырылған эргономика мен жоғары деңгейдегі қауіпсіздікке негізделген бұл модель мәртебе, ыңғайлылық пен технологияға мән беретін жүргізушілерді қызықтырмай қоймайды. 

"Галактикалық пайда" бағдарламасы туралы толық мәлімет пен көлікті сатып алу шарттары жайлы Geely Galaxy ресми дилерлері мен 6688 қысқа нөмірінен білуге болады. 

Назархан Уән
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 12:00