Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзі қысық болғандықтан: Қытайлықтар өздерін Xiaomi SU7 көлігінің қателесіп, жиі оятатынына шағымданды

сығыр көзді жүргізуші

Фото: Xiaomi SU7 көлігінің иесі Ли/Автоблогер DerekTLM

Қытайлық автокөлік өндірушілері өз елінің азаматтарының анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп, көліктерін соған сай жобалауы тиіс еді. Алайда Xiaomi SU7 мұны ескермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ITС.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Xiaomi SU7 көлігінің автоматты жүйесі Чжэцзян провинциясының тұрғыны Ли есімді азаматқа оның рөлде үнемі шаршаңқы отырғанын айтып, ескертіп отырады. Экраннан және дауыс арқылы: “Назар аударыңыз, көлік жүргізгенде зейін салыңыз, қауіпсіздікке мән беріңіз” деген хабарлама шығады. Мәселе жүргізушінің көзінің сығыр болуына байланысты болса керек.

Қытайлық әлеуметтік желіде тараған видеода Ли мырза дыбыстық ескертуді тоқтату үшін көзін барынша кең ашуға тырысып отыр. Пікір қалдырған қолданушылардың көпшілігі мұндай жағдайдың басқа қытайлық авто брендтерінде, атап айтқанда Weilai және Deep Blue-де кездесетінін жазды.

Автомобиль блогері DerekTLM де өзінің ұйықтамағанын айтса да, көліктегі жүйе оны қателесіп көзі жұмылып отырды деп санап, оның жүргізушілік балы кеміген. Басқа да қытайлық салалық блогерлер осыған ұқсас жағдайға тап болған. 

Xiaomi Auto техникалық қолдау қызметінің мәліметінше, көліктегі камера жүргізушінің көзі жұмылып, есінеу сияқты әрекеттерін анықтап, ұйықтап отыр деп есептейді. Қолдау қызметі камераны баптауға немесе мүлде сөндіруге болатынын айтады, бірақ бұл жағдайда көліктің қауіпсіздігі төмендейтінін ескертеді.

Хэнань университетінің жасанды интеллект мектебінің мамандарының айтуынша, жүргізушіні бақылау жүйесі (DMS) негізінен визуалды қабылдау арқылы шешім қабылдайды. Оған қосымша басқа мәліметтер де есепке алынады. Камералар рөлде, алдыңғы тіректе немесе артқы көрініс айнасында орналасқандықтан жүргізушінің жағдайын бақылайды. Инфрақызыл камералар түнде немесе күннен қорғайтын көзілдірік киген жағдайда да жүргізушіні бақылай алады. Бұл әдіс жүргізушінің бет-әлпетін тіркеу мен бағалауға, көздің ашық немесе жабық екенін, ауыздың ашылып-жабылуын сандық түрде анықтауға және жүргізушінің шаршағанын не зейінсіздігін бағалауға негізделген.

Айым Болатқызы
Жұма, 04 Шілде, 2025 15:05
Талқылау