Альпі тауларынан құлаған 10 апталық сәби аман қалды
Фото: yaplakal.com
Австриялық Альпі тауларында 50 метр биіктен құлаған 10 апталық германиялық сәби аман қалды. Оқиға отбасы Тироль тауларында серуендеп жүрген кезде, Ландек аймағында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәбидің 23 жастағы анасы жайылым қақпасын ашайын деп жатқан кезде, бала отырған арба еңіс бойымен төмен қарай жүріп кеткен. Арба бірнеше рет аударылып, бала құлаған. Сәби 1700 метр биіктіктегі тау шалғынынан табылған. Ауыр жарақат алып, алайда аман қалды.
Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, анасымен бірге баланы ауруханаға жеткізген. Алдымен нәресте аудандық емханада қаралып, кейін тікұшақпен Инсбрук университетінің ауруханасына жеткізілген. Ол жерде дәрігерлер балаға қауіп жоқ екенін айтты.
"Оқиғаның ауыр екенін ескерсек, сәбиді періштесі қақты", – деді клиника дәрігері Йоханнес Швамбергер.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда бесінші қабаттан құлап кеткен бала ғажайыппен аман қалғаны туралы жазған едік.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
