Австралиялық бойжеткен рак ауруынан жазылдым деп жалған айтқаны үшін сотталуда
Австралиялық бойжеткен желіде қатерлі ісікке шалдығып, оны медицинаның көмегінсіз жеңіп шыққаны жайлы айтқан. Кейіннен анық болғандай блогер ешқашан ракпен ауырмаған болып шықты.
Азаматтық арыз австралиялық тұтынушылар ісі бойынша агенттің атынан түскен. Сот оқылымы 24 мамырға белгіленген. Гибсонға 160 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін деген болжам жасалынып жатыр.
Австралияның тұтынушылар құқы бойынша министрі Джейн Гарретт Инстаграмдағы 200 мың адамды алдаған адамның ісі жай қалмайды деген.
Бұған дейін елде Penguin баспасы Гибсонның салауатты диета ұстау жазылған кітабы үшін 22 мың АҚШ долларын төлеген еді.
Аннабель Натали Гибсон 1991 жылы дүниеге келген. Ол әлеуметтік желіде өзін үш жасқа есейтіп көрсеткен. Сөйтіп қатерлі ісіктен қалай айыққаны жайлы жазған. Гибсонның сөзінше қанында,миында, жатыры мен бауырында рак ісігі болыпты.
Қатерлі ісіктің осынша түрімен ауырған адамның тірі жүруі де екі талай еді. Дегенмен автор өз сөзінде бойын жаман әдеттерден аулақ ұстайтынын айтқан. Ол ауыр дертті жеңу үшін арнайы диета ұстағанын да айтқан. Осының арқасында өзін жақсы сезініп әрі жазылып кележатқанын мақтана айтқан.